Жаңалықтар тізбегі
0

Каспий теңізі жағалауындағы өрттің ошағын анықтау үшін көмекке тікұшақ тартылды

Төтенше жағдай Сурет: ҚР ТЖМ
Атырау облысында 31 қаңтарда Каспий теңізі жағалауында от тұтану ошақтары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 31 қаңтарда Атырау қаласының аумағында түтіннің иісі шығуына байланысты өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуе барлауын жүргізу үшін ТЖМ авиациясы - МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері аэровизуалды тексеру бойынша жұмыс жүргізді.


Төтенше жағдай

Сурет: ҚР ТЖМ


Каспий теңізінің жағалауында аэровизуалды тексеру нәтижелері бойынша 4 ошақ анықталды: 3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 км жерде, алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 9 гектар алаңда және 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 гектардан астам алаңда болды.

Қазіргі уақытта жергілікті жерде кірме жолдардың болуын барлау жүргізілуде.

Түнгі уақытқа байланысты өртті сөндіру ертең, яғни 1 ақпанға жоспарланған.

Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.


Төтенше жағдай

Сурет: ҚР ТЖМ



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз