Семейде жеңіл көлік шұңқырға аударылып кетті
Сурет: видеодан скриншот
1 ақпан күні Семей қаласының Қабанбай батыр көшесінде жеңіл көлік шұңқырға аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Police_of_kz Telegram арнасының жазуынша, ВАЗ көлігі бұрын сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілген шұңқырға аударылып кеткен. Полиция өкілдерінің айтуынша, 44 жастағы жүргізуші жолда қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамаған.
Зардап шеккендер жоқ.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы "Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Аталған бұзушылық ескертуге немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript