Жаңалықтар тізбегі
0

QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Польшадан экстрадицияланды

ҚР Бас прокуратурасы, қаржы пирамидасы, экстрадиция Сурет: Zakon.kz
Польшаның Әділет министрлігі Қазақстан трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген К есімді азаматты экстрадициялау туралы ҚР Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, ол 2018-2020 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қаржы пирамидасының жетекшілерінің бірі бола тұра, халықтың ақшалай салымын жалған жобаларға тартудың қылмыстық схемасын ұйымдастырып, қызығушылық төлем жасау елесін қалыптастырған деген күдікке ілінген.


"Ұйымдасқан топ мүшелерінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан зардап шеккен 1345 жәбірленушіге 6,3 млрд теңгеден астам шығын келтірілген".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қылмыстарды жасағаннан кейін «К» қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланған.

"Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті «К» қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды"ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қадағалаушы орган күдікті 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: