Қазақстанда құтқарушылар саны көбейеді

Қазақстанда құтқарушылар қатары артады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 17:32 Сурет: Zakon.kz
Елде құтқарушылар саны артады. Атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, апаттар медицинасы орталығы 94 адамға және «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұның барлығы техногендік сипаттағы апаттар кезінде төтенше жағдай қызметкерлерінің жылдам әрекет етуіне септігін тигізбек.

Өйткені қазір су тасқының алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ бұл шешімнің қабылдануына Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі де әсер етіп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылды. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: