Жаңалықтар тізбегі
0

Саран қаласында бір ер адам кішкентай баласы бар отбасына балтамен тап берді

Қарағанды облысы, Саран қаласы, балта, шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 11:06 Сурет: pixabay
11 ақпанда Қарағанды ​​облысының Саран қаласында бейтаныс ер адам балалы отбасына балтамен шабуыл жасамақ болған. Бұл оқиғаны жәбірленуші Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің сөзінше, олар сол күні жеке сектордағы туыстарына келген. Күйеуі ағасының үйіне кеткенде, әйел мен бала көлікте қалған. Осы кезде қолына балта ұстаған бейтаныс адам көлікке жақындап келіп, фараларын сындыра бастайды. Ол есікті де ашпақ болған, алайда құлыпталып қалғандықтан, ішке кіре алмай, келген жолымен кері кеткен.

"Мен күйеуіме қоңырау шалдым. Ол бейтаныс жігітке қарай жүгірді, ал ол балтасымен күйеуіме тап берді. Күйеуім кері шегініп еді, ол қуа жөнелді", – дейді жәбірленуші.

Әйелдің жазуынша, балтамен шабуылдаған ер адам қазір бостандықта жүр. "Келесі құрбаны кім болады? Бұлай қалдыруға болмайды", – деп жазды әйел.

Қарағанды ​​облысының полицейлері бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша ішкі істер органдарында тіркелгенін мәлімдеді.

"Құқық бұзушылық жасаған 58 жастағы ер адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде". Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

15 ақпан күні Петропавлда мектеп оқушыларына балтамен шабуыл жасаған тоғызыншы сынып оқушысы екі айға қамауға алынды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: