Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушы халықты тұрғын үй немесе көлік алуға көмектесемін деп алдаған
Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласында тұрғын үй мен көлік алып беремін деп халықтың сеніміне кірген GAP пирамидасын құрушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, пирамидаға ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады.
"Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомсвто өкілдерінің хабарлауынша, Шымкент қаласы бойынша ҚМА департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асқан.
Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript