Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 19:08 Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
Ақтөбе обылысында ақтүтек боран мен айналаның көріну деңгейінің шектелуіне айланысты төрт республикалық тас жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазавтожолдың" мәліметінше, "Самара-Шымкент" тас жолының Ақтөбеден Қарабұтаққа дейінгі аралығы және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейінгі аралығы жабық.

"Ақтөбе-Орск" тас жолының Шәмші Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығы жабық. "Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" тас жолының Сарыжар ауылынан "Лидер" ЖМҚС-на дейінгі аралығында да көлік қозғалысына шектеу енгізілген", делінген хабарламада.

"Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" тас жолының екі учаскесінде: Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейінгі аралығында және Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ел азаматтарынан төтенше жағдайларды алдын-алу үшін жабылған жолдарға шықпай, ауа райының жақсаруын күту ескертіледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: