БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақ: 4 адам қаза тауып, екі адам зардап шекті

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 20:02 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, ТЖМ-ның құтқару тобы тікұшаққа келіп-жетті. Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына барады.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған.

Алдында оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алғаны хабарланған. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол кезде құрбан болғандар жоқ делінген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: