ҰҚК өкілдері құпия сақталған "Набат" операциясы туралы айтып берді
Еуразия Бірінші арнасының "Грани" бағдарламасында Қызылорда ауданында болған құпия операция талқыланды. Ол кезде, яғни 1992 жылдың ақпан айының соңғы күндері, яғни тәуелсіздік алғанымызға санаулы ғана айлар өткенде Ташкент-Мәскеу бағытында пойызда этаппен кетіп бара жатқан, ең жоғары жазаға кесілген 6 қылмыскер күзетшілерді өлтіріп, 2 Калашников автоматын, 8 макаров тапаншасын оқ-дәрілерін алып қашып кетеді. Алайда олардың бірі қолға түскенімен, бесеуі із жасырып үлгереді. Қылмыскерлер Қызылордадан Сарыағашқа кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын басып алады.
Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінен ұшақ пен мол ақша талап етеді. Сол кездегі Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің арнайы бөлімшелері "Набат" операциясын жүргізіп, қылмыскерлердің бәрінің көзін жояды. Ал тұтқынға түскен жолаушыларды дін-аман алып қалады. Операция терроризмге қарсы күрестің классикалық үлгісі саналады,. Оның бірегейлігі әлемдік тәжірибеде алғаш рет террористер басып алған автобусқа нәтижелі шабуылдың жүзеге асырылуы еді.
Террористер алған тұтқындардың бірі - 19 жастағы Гүлбану Назарова. Оның айтуынша, қауіпті адамдар жолаушы секілді жолда қол көтеріп тұрған. Мүмкін, жасына байланысты оларға қатысты күдік болмаған секілді, дегенмен олар кісі аяғы баса бермейтін далада көлікті тоқтатқан және үстеріндегі киімдері де өзгеше еді.
Жанар-жағармай құю бекетіне тоқтағанда жолаушылар сыртқа шыға бастайды. Салон жартылай босағанда, олардың бірі қалғанының жолын көлегейлейді. Адамдар абдырап, ашулана бастайды, сол кезде қаскөйлердің бірі тапанша алып шығады, осылайша автобустағылар кепілге алынады.
ҚР ҰҚК "Арыстан" арнайы мақсаттағы қызметінің ардагері Аманғали Баталовтың айтуынша, қауіпсіздік күштері сүйенетін бұл арада үш нұсқа болған: келіссөздер арқылы қылмыскерлерді берілуге көндіру, олардың талаптарымен келісу және кепілге алынған адамдарды күштеу әдісімен босату.
"Бұған дейін Қазақстан аумағында мұндай оқиғалар болмаған. Терроризмге қарсы арнайы штаб құрылғанша милиция тобы кепілге алынған адамдарды өз күштерімен босатуға тырысты. Салдарынан олардың біреуі оққа ұшып, бірнешеуі жарақат алды. Қылмыскерлер де шығынға ұшырады: олардан екі адам қалды, бірақ шиеленіс деңгейі айтарлықтай артты".
Көп ұзамай басқыншылар баланы желкесінен сүйреп алып шығып, оны өлтіремін деп қорқытты. Олар өздеріне ұшақ пен жүк көлігін беруді талап етті. Оған автобуспен кіре алатындай болу тиістігі де айтылды. Баланы өлтіру туралы қоқан-лоқы оның өз еркімен берілу мүмкіндігін жоққа шығарды.
Қаскөйлерді келіссөздер арқылы тыныштандырып, уақытты соза түсті. Шындығында, станция басында арнайы операция жүргізу мүмкін емес еді: кепілге алынғандар мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында оққа ұшу қаупі тым жоғары болды. Содан қулыққа баруға тура келді. Қылмыскерлерге жақын маңдағы қалалардың әуежайларына үлкен жүк ұшағы қона алмайтынын және Шымкентке бару керек екендігі айтылды.
Басып алынған көлікке оралудан бас тартқан жүргізушінің орнын сол маңнан өтіп бара жатқан жүк көлігін тізгіндеген Александр Чехонин алмастырды.
Ешкім зардап шекпес үшін, қылмыскерлерді ашуландырмас үшін барлық жолдарды милиция босатты. Дегенмен барлық жерде біздің қызметшілеріміз болды, әрине, "азаматтық" киімде, - деді ҚР ҰҚК ардагері Әнуарбек Наурызбаев.
Арнайы күштердің жауынгерлеріне жаттығу үшін Шымкентке бара жатқан автобус сияқты автобус бөлінді. Нәтижесінде әрбір шабуылдаушы өз әрекеттерін нақты білетін болды. Ең бастысы балаларды қорғау еді.
Автобусқа жақындап қалғанда дүдамалдылық орын алды: елімізде мұндай төтенше жағдай бірінші рет орын алуда, шешім қабылдау хаттамалары да пысықталмаған. Сол кездегі Шымкент ҰҚК және "Альфа" басқармасының басшылары жауапкершілікті өздеріне алды. Шешім - шабуылдау.
Кепілге алынған көлік Шымкент әуежайының терминалына жеткенде, диспетчерлік ғимараттың үстінде снайпер мен телеоператор отырды, соның арқасында шабуылдаудың нақты сәті видеоға түсірілді.
Снайпердің көмегі қажет болмады, әсіресе автобустағы барлық терезе перделермен тұмшшаланған. "Набат" арнайы операциясы аясында кепілге алынғандарын босату жоспары ойдағыдай іске асты. Ол бірнеше секундқа созылды: лаңкес шабуылдаушыларға оқ жаудыра алмайтындай етіп ішке граната лақтырды. Біреуі тірі қалқан ретінде адамдардың ортасына отырғанына, ал екіншісі жүргізушінің жанында болғанына қарамастан, екі қылмыскердің көзі жойылды, кепілге алынғандарға ештеңе болмады.
Операцияға қатысушылардың айтуынша, бұл тек қазақстандық ғана емес, әлемдік тәжірибеде де ерекше жағдай.