Семейде кейінгі бес күнде мұзға жығылып, ауруханаға түскендер саны 300-ге жуықтаған
Сурет: pixabay
Семей мен Өскеменде көктайғақтың кесірінен қол-аяғын сындырғандар көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Өскеменде жаңбырдың соңы қарға ұласты. Еріген қар қатып, көшелерді көк мұз басқан. Қазір қала ішінде жаяу адамның жүруі қиын. Шығыс Қазақстан облысындағы екі қала мен екі ауданның мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілген.
Семейде де дәл осы жағдай. Көктайғақтан жергілікті травматологияға көмек сұрап келушілер көбейген. Бір аптаның ішінде 300-ге жуықтапты.
Дәрігерлердің айтуынша, жарақат алып жатқандардың көбі - орта жастан асқан тұрғындар.
"Бүгіннің өзінде 45 адам келді. Көбінің аяқ-қолы сынған, бел омыртқасы, кеуде жарақаттарымен де түскендер бар. Бірі мен бесіне дейін 294 адам келіп түсті. Оның ішінде 94 адамның қол-аяғы сынған. Адамдарға көп жүрмей, ауа райының қолайсыздығын көріп тұрып, көшеге шықпағаны дұрыс". Травматолог Дәурен Дүйсенов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript