Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарлық фермерлер алаяқтардың құрбаны болды

ферма, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2023 23:57 Cурет: astanatv
Павлодарда "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасымен несие алған фермерлер алданып қалды. Олар "Еуропадан асыл тұқымды мал аламыз" деп, миллиондаған ақшасын жеткізіп беруші операторға аударған, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Баянауылдық фермер Теміржан Қишев "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 85 млн теңге несие алған. Шарт бойынша ол Германиядан 100 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуы керек болған. Сол себепті қомақты қаражатты бірден Қостанайдағы мал жеткізуші операторға аударыпты. Ал оны өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған. 2 жылдан астам уақыт өтсе де, не ақша, не мал жоқ. 

"Баянауылда сот болды. Аграрлық кредит корпорациясынан 85 млн теңге ақша алғанмын. Соны қайтар деп жатыр. Оны мал келген жоқ. Біз қалай ақшаны қайтарамыз? Бізге оператор тауып берген, әкім орынбасары Өтешов Мейрам Олжабайұлы. Сол операторлар келісімшартқа отырған екен. Сосын операторды "сотқа бер" деді. Бердік. 2 соттан да жеңіп алдық. Үкім бәрі шықты. Олар қазір төлемейді".  Шаруа қожалығының басшысы Теміржан Қишев

Павлодар облысында 11 шаруа қожалығы дәл осылай алданып қалған. Ақтоғайлық фермер Талғат Бейсенбаев та несиеге алған 42 млн теңгесінен айырылды. 

"Барлығын үйге дейін әкеліп береміз", "Барлығын қадағалаймыз", "Сендер аламыз десеңдер болды, бәрін өзіміз жасаймыз" деп айтты. Енді бүгінде ешқандай көмек жоқ. Біз қарызымызбен мына кредиттік серіктестік екеуіміз қалып тұрмыз. Серіктестік бізді сотқа беріп жатыр. Мерзіменен бұрын өтеңдер деп жатыр".  Шаруа қожалығының басшысы Талғат Бейсенбаев

Өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасы өкілінің айтуынша, фермерлер мал жеткізуші операторды өздері таңдаған. Ал ақшаны алған оператор қазір банкрот болған. Сол себепті фермерлердің қаражаты қайтпаған. 

"Қазіргі күні агронесие серіктестігі фермерлерге тек негізгі қарызды қайтару туралы ұсыныс жасап отыр. Өйткені бұл несие болғандықтан, оның өсімпұлы бар. Серіктестік шаруалардан тек алған қарызды ғана қайтару арқылы көмектеспек".  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев

Енді шаруаларға несиені өтеуден басқа амалы қалмаған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: