Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда, Алматы мен Жетісу облыстарында жер сілкінісі болатыны болжанды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 20:12 Сурет: wikimedia
Алдағы аптада Алматы қаласының, Алматы және Жетісу облыстарының аумағында шамамен 3-3,5 балды құрайтын жер дүмпулері болуы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 10 наурызда Сейсмология институтында сейсмикалық болжау комиссиясының кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте осындай мәлімдеме жасалды.

Қазіргі уақытта Алматы болжау полигонының аумағында (Алматы қ., Алматы және Жетісу облыстары) 47 станция жұмыс істейді.

Институт базасында тұрақты болжау комиссиясы жұмыс істейді, оның құрамына төрт ғылыми зертхананың қызметкерлері мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның (СТӘЭ) қызметкерлері кіреді.

Брифинг қорытындысы бойынша Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев биылғы жылы Алматы болжау полигонының аумағында күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін айтты.

"Режимдік бақылаудың кешенді станциялары желісінен күн сайын алынатын сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеодинамикалық, геохимиялық және басқа да деректерге (200 параметрге дейін) тұрақты мониторинг жүргізіледі".ҚР ТЖМ Сейсмология институтының баспасөз қызметі

Сейсмология институты Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы басты ұйым болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: