Алматыда қаруланған ер адам ұсталды

Алматыда полицейлер қаруланған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Боран-015" патрульдік бригадасының қызметкерлері Өжет шағын ауданында Kia көлігін тоқтатты.
Полицейлерді көрген жүргізуші абыржи бастаған. Көлікті тексергенде ішінен оқтары бар травматикалық тапанша табылды.
Жүргізуші бұл заттарды қайдан алғанын түсіндіре алмады. Сараптама тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript