Жаңалықтар тізбегі
0

Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" басшысын тінту туралы қауесетке пікір білдірді

Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" басшысын тінту туралы қауесетке пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 12:25 Сурет: primeminister.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің басшысы Сүйеніш Әбділдиннің жұмыс орнындағы тінту туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін кейбір БАҚ Сүйеніш Әбділдиннің жұмыс орнында ұсталып, оған тінту жүргізілгені туралы хабарлаған еді. Үкімет кулуарында Бағдат Мусин оның қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат Бұқаралық ақпарат құралдарына тарағанын білмедім. Сүйеніш Әбділдин жұмыста. Негізі Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері келді, белгілі бір сұрақтар қойды, басқа да оқиғалар болды. Бірақ қазір болып жатқан жайттың бәрін Қаржы мониторингі агенттігінен сұрау керек. Олар бізге ақпарат бермейді. Кеше Әбділдин және басқа да басшылар жалпы жиналысқа қатысты. Мен олардан жағдайды сұрадым, олар ҚМА қызметкерлері келіп, белгілі бір шаралар өткізгенін айтты. Сұрақты агенттікке қою керек. Мен оны кәсіпқой, IT маманы және азамат ретінде таңдадым. Азамат ретінде мен оны оң сипаттай аламын".Бағдат Мусин

Сонымен қатар БАҚ-та Басқарма аппаратының басшысы Қуандық Қуатовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, оны да "Азаматтарға арналған үкімет" жоққа шығарды.




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: