Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында үш жасөспірім 49 жастағы ер адамды ұрып-соғып, жансақтау бөліміне түсірген

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 01:46 Сурет: almatytv
Алматы облысында 3 жасөспірімнен оңбай таяқ жеген 49 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Оқиға тура бір апта бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 3 жасөспірім 49 жастағы ер адаммен ерегісіп, артынан оны соққыға жыққан, деп хабарлайды Zakon.
"Алматы" телеарнасының хабарлауынша, соққы салдарынан зәбір көргеннің түрі адам танымастай өзгерген. 7 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиғанымен, өздігімен ас іше алмайды. Сондықтан дәрігерлер түтікшемен тамақ беріп отыр.
"Бастың, кеуде қуысының жабық жарақаты, мидың соққыға ұшырауы, қабырғаларының сынуы және сол жақ бүйректің зақымдануымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр және бірқалыпты. Жасанды аппаратпен демалады". Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Бекқабұлов
Жергілікті полицейлердің айтуынша, күдіктілер оны ұрған жерінде тастап кеткен. Жақын маңдағылар байқап қалып, жедел жәрдем шақырған. Науқас ауруханаға түскен сәтте болған оқиға полицияға хабарланған. Кейін 3 жасөспірім қолға түскен.
"2006, 2007 және 2008 жылы туған 3 күдікті ұсталды. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр". облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әбдіғани Ибраимов
Құзырлы орган өкілдері қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жәбірленуші емін-еркін сөйлей алатындай хәлге келгенде, одан да оқиғаның қалай болғаны сұралады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 3 күдікті кәмелет жасына толмауына байланысты сотқа дейін үйіне жіберілген. Егер олар кінәлі деп танылса, жазасын өтейді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: