Үйінің ауласында қарасора өсіруге арналған жылыжайы бар қызылордалық ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қызылорда қаласында тұрғылықты мекен-жайында аса ірі көлемде есірткі затын сақтап, өсірді деген күдікпен 54 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үй иесінің ауласын тінту кезінде қарасора бұталары арнайы өсірілген жылыжай табылды.
Арнайы ыдыстарда өсірілген 37 түп қарасора өсімдігі және 1,5 келіден аса кептірілген марихуана тәркіленді.
Аталған дерек екі бап бойынша: ҚР ҚК 296 - бабының 4 - бөлігі және 300 - бабының 2 - бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдікті УҰИ-ға қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript