Астанада 14 жерінен пышақталған имам ауруханадан шықты
Сурет: Астананың денсаулық сақтау басқармасы
Астанада екі апта бұрын бірнеше рет пышақ жарақатын алған имам Муслухаддин Надыров ауруханадан шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Астананың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Науқас үйіне шығарылды. Өзін жақсы сезінеді. Оның толық сауығып кетуіне уақыт керек", - дейді №3 көпсалалы қалалық аурухананың дәрігері, хирург Арман Сарқытбай.
Муслухаддин Надыров аурухана басшылығы мен қызметкерлеріне оның өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс айтты.
"Мені ауруханаға жеткенде есімді білмегем, 14 жерден пышақ жарақатым болған. Дәрігерлер мені о дүниеден алып шықты", - деді ол.
Еске салайық, 14 наурызда Астанада ер адам имамды пышақтап кетті.
Оқиғаға қатысы бар адам қылмыс орнында ұсталған. Ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript