Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында ауыл әкімін пышақтап кетті

пышақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 00:16 Сурет: pixabay
Жамбыл облысында ауыл әкімін жұмыс орнында пышақтап кетті. 42 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 24 наурызда Меркі ауданының полиция бөліміне Ойтал ауылдық округі әкімін жұмыс орнында белгісіз ер адам пышақтап, ауруханаға жеткізілді деген хабар түскен. 

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 42 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталған.
"Медициналық сараптама нәтижелері бойынша ұсталған азаматтың алкогольдік және есірткілік мас күйінде болғаны анықталды. Сонымен қатар, 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында "Шизофрения - Ф-20" диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, ҚПК-нің 131-бабының талаптарына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - делінген хабарламада.
Бірқатар қажетті сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: