Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК Күдебаевтың қай шекарадан шыққанын анықтау мақсатында Қырғызстанға сұрау салған

Серік Күдебаев халықаралық іздеуге жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 11:50 Сурет: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов мәжіліс кулуарында Серік Күдебаев шекараны ресми түрде кесіп өтпегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар ҰҚК Қырғыз Республикасына ресми түрде хат жолдаған.

“Күдебаев мырза ресми түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасынан өткен жоқ. Қазір біз Қырғыз Республикасы шекарасына ресми түрде сұраныс жібердік. Ресми жауап әлі келген жоқ. Шекара қызметі қызметтік тексерісті бастады. Сонымен қатар Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады”,- деді Ерлан Алдажұманов.

Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасы - 1250 шақырым.

Журналистер Алдажұмановтан “Серік Күдебаевтың қай шекарадан қайда кеткенін анықтауға қанша күн керек?” деп сұрады.

“Тексеріс қанша уақыт алатынын мен білмеймін”, - деп жауап берді ол.

Оның айтуынша, шекара қызметі Серік Күдебаевтың қашып кеткені туралы 27 наурызда білген.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 2023 жылдың 3 сәуіріндегі сотқа келмеді. Кейбір БАҚ сотталушы Күдебаевтың Қазақстан аумағынан шығып кеткенін хабарлады. Талдықорған қалалық сотының судьясының айтуынша, шекара қызметінің мәліметінше, экс-басшы Қазақстаннан шығып, кейін «Манас» әуежайынан Түркияға ұшып кеткен. Бұл 23 наурызда болды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: