"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі тағы ұзарды

Дикий Арман, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 12:59 Сурет: Instagram/armandzhumageldiev
Арман Жұмагелдиевті ("Дикий Арман" деген атпен танымал) қамауға алу мерзімі тағы ұзарды. Бұл туралы Zakon.kz-ке 6 сәуір күні Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Дикий Арманның" қамау мерзімі екі айға ұзарды.
"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін Жұмагелдиевке қарсы екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 маусымына дейін ұзартуға санкция берілді".Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

2022 жылдың 7 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда криминал авторитет - "Дикий Арманның" ұсталғаны туралы хабарлады. Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Арман қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды алып қашқан.

2023 жылдың 5 қаңтарында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәжілістегі жиында сөйлеген сөзінде Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін мәлімдеді.

6 наурызда Алматы қалалық соты "Дикий Арманды" қамау мерзімі бір айға, яғни 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: