Шымкентте көшеден 57 жастағы ер адамның денесі табылды
Сурет: Zakon.kz
10 сәуірде Рысқұлов пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында түрлі жарақаттары бар ер адамның денесі табылды. Тергеу мүддесі үшін полиция өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz
Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"10 сәуірде сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына Рысқұлов пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында ер адамның денесі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның 1966 жылғы азамат екенін анықтады. Тергеу жұмыстары жүргізілуде", деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript