Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық стандартқа сай келмейтін тулар алынып, жойылады

Ұлттық стандартқа сай келмейтін тулар алынып, жойылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 13:10 Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Мемлекеттік ту мен Елтаңбаны ауыстыруды және жоюды Конституциялық заңға сәйкес мемлекеттік органның немесе ұйымның тұрақты комиссиясы жүзеге асырады. Бұл ретте, ұлттық стандарттарға сәйкессіздік республиканың мемлекеттік туы мен елтаңбасына белгіленген пішінді, өлшемді және техникалық талаптарды бұзу екені түсіндіріледі.

Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік атрибуттарды ауыстыруды және жоюды олардың өтініші бойынша олар орнатылған ғимараттар мен үй-жайлардың меншік иелері жүзеге асырады.

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Ту мен Елтаңбаны ауыстыру бір жұмыс күнінде жүзеге асады деп жоспарланып отыр.

Жою оларды қайта пайдаланбас үшін жағу, балқыту, көлемі 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөліктерге ұсақтау, пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналдыру арқылы жүзеге аспақ.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтына 27 сәуірге дейін жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: