Павлодар-Ақсу көпірі маңындағы өрт толықтай сөндірілді
Сурет: видеодан алынды
14 сәуірде Павлодар-Ақсу көпірі маңындағы өзен жағасында өртенген құрғақ шөп сағат 15:59-да оқшауланып, 16:38-де толықтай сөндірілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, бүгін әлеуметтік желіде Павлодар-Ақсу көпірін қалың түтін басып, көліктер тоқтап тұрғаны түсірілген видео тараған еді.
"Ақсу қаласына барар жолдағы жаңа көпір астында жылы ағыстың сағасында құрғақ шөптің өртенгені анықталды. Онда 4 бытыраңқы ошақта жалпы ауданы 9 гектар жерді жалын шарпыған. Мұнда бірінші, екінші ошақтың әр қайсысынан 2 гектар, үшінші ошақта 3 гектар және төртінші ошақта 2 гектар алқап жанған, делінген төтеншеліктер хабарламасында
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 10 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда залал көлемі анықтал үстінде. .
Қызыл жалын сағат 16:38-де толықтай ауыздықталғаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript