Маңғыстау облысында 11 жасар қыз екі әпкесін пышақтап алды
Сурет: pexels
Маңғыстауда кәмелетке толмаған қыз ұйқысырап жүріп (айкезбелік) қос әпкесіне пышақ жарақаттарын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаменті 14 сәуірде сағат 04:30 шамасында "101" шұғыл байланыс желісіне Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде адамдардың пышақталғаны туралы хабарлама келіп түскенін нақтылады.
Анықталғандай, 11 жасар қыз ұйқысырап жүріп (айкезбелік) ас үй пышағымен 12 және 19 жастағы екі әпкесіне жарақаттар келтірген.
"Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі әлі ауруханада. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр". Маңғыстау облыстық ПД
Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript