Астанада 14 жасар қыз биіктен секіріп кетті

Суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 19:27 Сурет: Zakon.kz
Астанада кәмелетке толмаған жасөспірім қыз көпқабатты тұрғын үйдің 19-қабатынан секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздың денесі 2 қарашада сағат 17.25-те Қуанышбаев көшесінің бойынан табылды. Қайғылы оқиға куәгерлері "Алматы" ауданының ПБ полиция бөліміне хабар берген.

Тексеру барысында бұл факті расталды. Полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. 19-шы қабаттан секірген 14 жастағы кәмелетке толмаған қыз болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: