Ақтөбеде құжаты жоқ 18 жастағы жүргізуші мектеп оқушысын қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Ақтөбе облысы, жол-көлік апаты, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 14:03 Сурет: видеодан скриншот
14 сәуір сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сонан соң кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетті.

"Салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көлік жүргізушісі анықталды, ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты.ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жұргізілуде. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін".Ақтөбе облысының полиция департаменті

Автокөлік Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде табылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: