Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзендегі жарылыс: тұрын үй апатты жағдайда болмаған

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен, жарылыс, газ, тұрғын үй, апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 17:11 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
17 сәуір күні Жаңаөзен қаласындағы газ қопасы жарылған үй апаттық жағдайдағы тұрғын үй тізімінде болмаған. Бұл жөнінде Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір үйінділерді шығару жұмыстары жүріп жатыр, содан кейін ғана апат болған үйдің жағдайы бағаланады, деп жазды mangystaumedia.kz сайты. -

Вдомство өкілдерінің мәліметінше, үй 1977 жылы салынған. 12 пәтерлік үй бір орталықтандырылған газбен қамтылған. Үйдің жалпы ауданы 621 шаршы метр болады.

"Үй апаттық жағдайдағы тұрғын үй тізімінде емес.  Қазір үйінділерді сұрыптап, тексеріп жатырмыз, одан кейін сараптама жүргізіліп, тұрғын үйді қалпына келтіруге бола ма, жоқ па, соны көрсетеміз", – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары.

Сондай-ақ жарылыстан зардап шеккен жақын маңдағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына жаңаөзендік кәсіпорындар атсалыспақ. Бұл мәселе де комиссияның жұмыс отырысынан кейін анықталады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: