Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзенде апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 20:32 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі барлық апаттық-құтқару және үйінділерді аршу жұмыстары сағат 18:15-те толықтай аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігінде жарылыстың мән-жайларын анықтаумен және залалдың мөлшерін белгілеумен шұғылданатын комиссия құрылғаны белгілі.

17 сәуірде таңертең қаланың екінші ықшам ауданында көпқабатты үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан тұрғын-үйдің подъезі талқандалды. Қираған алаң 150 шаршы метрді құрады.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны төрт адамға жетті.

ТЖМ жарылыстың орын алуына түрткі алдын ала болжамды жариялады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: