Қарағандыда эскалаторға мінген адамды бейтаныс біреу теуіп құлатты

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 22:00 Сурет: видеодан алынды
Оқыс оқиға қаланың сауда үйлерінің бірінде болған. 25 жастағы ер адам эскалаторға мініп, төменге түсіп бара жатқанда, бейтаныс адам артынан жүгіріп келіп арқа тұсынан тебеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД атап өткендей, зардап шегуші баспалдақпен төменге домалап, есінен танып қалған. 

Полиция бұзақыны тапты. Ол 31 жастағы ер адам болып шықты, есінің дұрыс еместігіне байланысты психикалық диспансерге орналастырылды.

Ол бұрын да диспансерде есепте тұрған болып шықты.

"Дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деді өңірдегі полиция.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: