Елордада сауда үйлерінің бірінде қарулы ер адам әйелін кепілге алды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2022 20:13 Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде қарулы ер адам әйелді кепілге алды. Полицияның мәліметінше, оқыс оқиғадағы екеу ерлі-зайыптылар болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"102" шұғыл байланыс желісіне оқиғаның куәгерлері сағат 17:06-да хабарлап айтқан.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД мәліметінше, жұбайымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаға ажырасу жағдайы түрткі болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары қолға алынды. Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Нұр-Сұлтан қалалық ПД
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: