Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару-жарақтар табылды

Жамбыл облысы, қару-жарақ, ұрланған қару, қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 12:27 Сурет: Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының полицейлері Шу ауданы Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыт аумағынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, қаңтар оқиғасы кезінде облыстық полиция департаменті қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапаншасы, сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ бір оқпанды аңшылық мылтық, 16 калибрлі ИЖ 18-Е бір оқпанды аңшылық мылтық, 16 калибрлі ИЖ 18 аңшылық мылтық, Ф-10 жауынгерлік сынық гранатасы, жарық-шу гранатасы, қорғаныс кеудешесі, 5,45х39 мм калибрлі 200 патрон табылып, тәркіледі.

"Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды".Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: