Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталушыны сот залынан жедел жәрдем алып кетті

Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталушыны сот залынан жедел жәрдем алып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 17:58 Сурет: Алматы әкімдігі
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне сыбайлас болып жүрген Ұлттық музей басшысының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразханды сот залынан неврологиялық симптомдармен жедел жәрдем ауруханасына жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түскі үзілістен кейінгі сот отырысының басында сотталушы Алмаз Нұразхан ауырып, өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Ол таңертең медицина процедурасынан өткенін айтты. Сотталушыға жедел жәрдем шақырған.

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеевтің айтуынша, Алмаз Нұразхан жедел жәрдем емханасына жеткізілген.

Қазір жедел жәрдем бригадасы оны емханаға жеткізді. Мамандармен кеңесіп, диагноз қояды. Оның неврологиялық белгілері бар. Мұстахим Төлеев

Сот отырысы келесі аптаға ауыстырылды. Қылмыстық іс елорданың №2 Байқоңыр аудандық сотында қаралып жатыр.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: