Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК: Қазақстанның оңтүстік аймағында шетелдік азамат лаңкестік әрекетке әзірленген

Терроризм, ҰҚК, шет ел азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 11:38 Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің оңтүстік өңірінде шетел азаматы террористік әрекет әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жыл басталғалы бері ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шет елдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актінің алдын алды" – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, астанада да радикалды діни ұяшық бейтараптандырылған. Оның сегіз мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

"Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды".Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Осы қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды. Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: