Маңғыстаудағы қоқиқаздар неден қырылғаны болжанды
Сурет: видеодан скриншот
Алдын ала болжам бойынша, Маңғыстауда құстардың қырылуына электр сымдарының соқтығысуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 сәуір күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам ауылында қоқиқаздардың өліміне қатысты ақпарат тарады. Оқиға орнына аудандық ветеренария станция қызметкері, Сам ауылының әкімі, Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау ММ директорының орынбасары барды, аталған аумақтан 4 қоқиқаз өлексесі табылды.
Айта кету керек, Бейнеу ауданының аумағы құстардың маусымдық миграция жолына кіреді. Кейінгі уақытта аудан аумағында ауа-райының қолайсыз жағдайлары тіркелеген.
"Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, шаңды дауыл соққан. Адын ала болжам бойынша құстар жоғары кернеулі электр сымдарына соғылған. Осы жағдай олардың өліміне әкелген болуы мүмкін", - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
Құстардың өлексесі ветеринария мамандары тарапынан Бейнеу аудандық ветеринарлық лабораторияға тексеруге алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript