Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда учаскелік инспектор зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды

Петропавлда учаскелік инспектор зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 12:13 Сурет: pexels
68 жастағы Петропавл тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция капитаны деп таныстырып, "қызыңыз бір адамды қағып кетті" деп хабарлаған.

Әдеттегідей, мұндай жағдайларда телефонда бір секундқа "Анашым, көмектес!” деп жан ұшырған әйелдің дауысы естілді. Әрі қарай жалған полиция қызметкері телефон нөміріне 100 мың теңге салуды талап етіп, әйелдің телефонды қоюына тыйым салып, оның әр қадамын бақылап отырған.

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сай, зейнеткер "Мені алдап тұр ма?!" деп күдіктенген. Бірақ ол қызының аты-жөні мен дауысының ұқсастығына сеніп қалған. Жолда ол екі рет жасырын түрде келе жатқан адамдардан қызының нөміріне қоңырау шалуды өтінеді, бірақ олар бас тартады.

Бақытына орай, банкомат жанында абдырап келе жақан зейнеткерді учаскелік инспектор Медет Садуов байқап қалады. Инспектор алаяқпен сөйлескен кезде, әлгі қу телефонды тезірек қоюға тырысады. Медет сол бойда зейнеткердің қызына хабарласады. Сөйтіп телефон алаяқтығының құрбаны бола жаздаған әйелдің көңілі жай табады.

"ІІМ әр азаматқа өз жақындарына, әсіресе қарт туыстарына алаяқтардың кең тараған схемаларын айтып, ескертуді сұрайды. Сіз өзіңіздің құпия деректеріңізді ешкімге айтуға міндетті емессіз. Алдын-ала төлем жасамайсыз. "Банктен жасалған қоңырауларға" сенбеу керек және белгісіз адамдардың қысымымен ақша аударуға болмайды", - делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: