ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы алты жылға сотталды

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті, Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 12:54 Сурет: Zakon.kz
Алмалы аудандық сотының үкімімен ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот үкімімен оған ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігімен 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры арнайы атағынан айырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

24 сәуірде Алматы әуежайының желілік полиция басқармасының экс-басшысы алты жылға сотталды. Сот үкімімен Талғат Тәліпов қаңтар оқиғасы кезінде билігі мен өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: