Алматыда шатырдан түсіп, бірнеше пәтерді тонаған "альпинист" ұсталды

Алматы, альпинист, өндірістік альпинист, пәтер ұрлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 13:07 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысынан келген 34 жастағы жігіт өнеркәсіптік альпинистік құралдың көмегімен алматылықтардың пәтерін тонап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті ұсталғанға дейін Асқаров көшесіндегі 21 қабатты үйдің 12-қабатында орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскен. Ол шатырдан арқанмен түсіп, терезені сындырып, тұрғын үйге кірген.

Көрші пәтерлердегі тұрғындар одан күдіктенбеген: олар терезе жуушы жұмыс істеп жатыр деп ойлаған.

"Күдікті бөтеннің пәтерінен 3 млн теңге болатын үй иесінің мүлкін жымқырған", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Біраз уақыттан кейін оны қаланың криминалдық полициясы, Әуезов аудандық полиция басқармасы және полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) тіркелген қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар, оның ішінде өндірістік альпинизмге арналған құрал-жабдықтар тәркіленіп, тіркелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: