Павлодарда саяжай аумағында өрт болды

Павлодарда саяжай аумағында өрт болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2023 17:04 Сурет: Павлодар облысы, ТЖД
Павлодардағы "Яблонька" бау-бақшасындағы жалын саяжайлар мен құрғақ шөпке өтіп, 6 гектарды жандырып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Яблонька" бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:19-да түскен.

Өртті жою үшін шақыру орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкерінен тұратын күші мен құралдары, 7 техникасы жіберілді.

Шақыру орнына жеткенде, шамамен 6 гектар аумақтағы саяжай мен құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

Сонымен қатар өртті сөндіруге Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары (7 жұмысшы, 2 бірлік техника) қатысып жатыр. Оқиға орнында сумен жабдықтау ұйымдастырылған. Өрт сөндіріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: