Сербия мектебіндегі атыстан 9 адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Сербия астанасы Белградта жетінші сынып оқушысы әкесінің тапаншасынан оқушыларға оқ жаудырды. Соңғы мәліметтер бойынша, 9 адам қаза тапты, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белградта жасөспірім оқушылар мен мектеп күзетшілеріне оқ жаудырды. Оқиға таңғы сағат 8-дер шамасында болған.
Полиция барлық патрульді жіберіп, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бірден кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады.
Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан кем дегенде 9 адам қаза тапты.
Полицияның мәліметінше, жетінші сынып оқушысы әкесінің тапаншасын қолданған.
Сондай-ақ полицейлер оның сөмкесінен өрт сөндіру құралдарын тапты. Барлық адам эвакуацияланып, мектеп жанынан кезекшілік ұйымдастырылды.
"Blic" басылымының жазуынша, оқушы "тарихтан бірлік алып қалып, есінен адасқан". Оқушылардың бірі күдікті тек беске оқығанын, мектепте оны "оқымысты" деп атайтынын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript