Қызылордада жасөспірім тізгіндеген көлік апатқа ұшырады: бір адам мерт болып, үшеуі зардап шекті

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 18:26 Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында 17 жастағы бозбала қайғылы жағдайға ұрындырған жол апатына түрткі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 мамырда Шиелі ауданында Toyota көлігін тізгіндеген 17 жастағы бозбала рөлге ие бола алмай, жол апатына жол берді. 


"Жол апаты салдарынан бір жолаушы көз жұмып, жүргізушімен бірге үш адам жарақат алды", делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: