Алматыда мопед жүргізушісі қоғамдық көлікке қарай оқ атқан
Сурет: Zakon.kz
Полиция оқыс оқиға бүгін - 5 мамырда күндізгі сағат 10-00 шамасында қаланың Түрксіб ауданында орын алғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті атап өткендей, жолдағы жанжал кезінде мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көлікке оқ атып, әйнегін сындырған. Қаскөй оқиға орнынан бой тасалаған.
Зардап шеккендер жоқ.
"Мопедтегі адамның жеке басы анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімімен қолға алынды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript