Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Медеудегі өрт қашан толық ауыздықталатынын айтты

Медеу, өрт, Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 16:56 Сурет: Zakon.kz
Мамырдың 11-і күні Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асайынов Медеу маңындағы өрт қашан толық сөндірілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Самат Асайынов өрт 8 мамыр күні сағат 17:53-те оқшауланғанын атап өтті. Қазір құтқарушылар ағаштардың өртенген қалдықтары мен тамырларды аралаумен айналысып жатыр.

"Бүгін біз Іле-Алатау ұлттық паркінің басшылығымен сөйлестік. Менің ойымша, жұмыс күнінің соңына дейін немесе ертең жойылады деп ойлаймын. Олар ертең бұл аумақта қайталама өрт болмайтынына толық сенімді болған кезде, өрт ауыздықталғанын хабарлайды", – деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асайынов.

Өрт орнында анықтаушылар жүр. Асайыновтың айтуынша,куәгерлер тау беткейінен жақтан жүгіріп келе жатқан адамдарды көрген, сонан соң қарағай өртене бастаған. Күдіктілерді анықтауға арналған барлық материалдар Медеу ауданының полициясына тапсырылды.

Сондай-ақ, Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары зардап шеккен өрт сөндірушінің жағдайына тоқталды.

"Екінші зардап шегушіге жедел жәрдем қызметкерлері дереу көмек көрсетті. Ол ауруханаға жеткізіліп, тексерілді. Оған екінші және үшінші саусақтарының арасы жараланған деген диагноз қойылды", – деп қосты Самат Асайынов.

Іле-Алатау паркіндегі өрт 7 мамыр күні сағат 22:52-де басталған. 8 мамырда түнде қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында Алматы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков қаза тапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: