Алматы маңында айдалада арбада жалғыз жатқан нәресте табылды
Сурет: pixabay
Алматыда үлкен айналма жол маңынан ерлі-зайыптылар арбада жатқан нәрестені тауып алды. Zakon.kz сайтына Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, баланың анасы анықталды.
Оқиға куәгерлері жұмыстан қайтып келе жатқанда бала жатқан арбаны байқағанын айтты. Баланың жанында ешкім болмаған. Бір қызығы, бала жыламай, күліп жатқан. Анасын бір сағаттан астам күткен ерлі-зайыптылар полицияға хабарласқан.
@kyn.kz_ Ерлі-зайыпты ми далада коляскасында отырған кішкентай сәбиді тауып алды. Олар оқиғаны түгел видеоға түсірген. Балақай мулде жыламаған.
♬ оригинальный звук - KYN.KZ
Облыстық полиция арыз 15 мамыр күні таңертең түскенін айтты.
"Үлкен Алматы айналма жолының 5-шақырымында бала табылды. Бұл ақпарат Қарасай аудандық полициясында тіркелді. Фактіні тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жөнелтіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды".Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланың анасына Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабымен әкімшілік хаттама толтырды.
"Ата-анасымен түсіндірме сипаттағы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар ҚР Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс баптарымен таныстырылды", - деп атап өтті полицейлер.
24 сәуір күні Орал қаласында қоқыс жәшіктерінің бірінен шақалақ табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript