Жаңалықтар тізбегі
0

18 мамыр – бүкіл әлемде музей күні

18 мамыр – бүкіл әлемде музей күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 15:21 Сурет: Zakon.kz
Жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық музейлер күні аталып өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Музей күні алғаш рет 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің кезекті отырысында ресейлік ұйымның осы мәдени мерекені белгілеу туралы ұсынысы қабылданған кезде пайда болды. 1978 жылдан бастап бүкіл әлемде Халықаралық музей күні аталып өтеді. 

Ғылым және жоғары білім министрлігі атаулы күнге орай Ғылым комитетіне қарасты «Ғылым Ордасы» ғылыми музей орталығы туралы мәлімет ұсынды. Себебі «Ғылым Ордасының» құрамына кіретін табиғат, археология, сирек кітаптар мен Қазақстан ғылымының тарихы музейлері еліміздің музейтану жүйесінде ерекше орын алады.

"Қазір музей қызметкерлері оқу және ғылыми қызметпен айналысады, білім және ғылым саласында инновациялық ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеп, жүзеге асырады", - делінген министрлік хабарламасында.

Мысалы «Ғылым ордасы» РМК Қазақстан ғылымы тарихы музейінің қорында қазақстандық ғалымдардың, ағартушылар мен батырлардың фотоқұжаттары мен жеке заттарынан тұратын 11 мыңға жуық экспонат бар. «Ғылым ордасы» РМК Археология музейі 1973 жылы республиканың археологиялық материалдарын сақтау және тұрақты ғылыми зерттеу нысаны ретінде ашылды. 

Республикамыздың аумағын мекендеген халық мәдени дамудың жоғары деңгейін және ата-бабаларымыздың әлемдік өркениет қазынасына қосқан үлесін айғақтайтын көптеген ескерткіш қалдырды. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша Ғылым ордасы музейлеріне 110 мыңнан астам адам келіп, төрт мыңға жуық экскурсия жүргізілді. Бүгінде музейлердің негізгі қор экспонаттарының саны 19 мыңға жуық экспонат және ғылыми көмекші қордың алты мыңнан астам экспонатынан тұрады.

Бүгін мерекеге орай Алматыдағы ірі үш музейде «Музей түні» шарасы өтеді. Атап айтқанда:

  • ҚР Мемлекеттік орталық музейінде;
  • Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде;
  • Алматы музейінде.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: