Талдықорғанның әкімі ауруханаға түсті
Сурет: gov.kz
Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев ауруханада жатыр. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Масабаев бас дәрігердің бақылауында екенін хабарлады.
Қала әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов әкім бірнеше күн бұрын ауруханаға түскенін айтты
"Оны жұмыстан алып кетті. Ауруы ұстап қалды. Қазір жағдайы қалыпты". Мәди Шәкенов
Масабаев қазір есін жиып, жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылған.
Сонымен қатар, баспасөз хатшысының айтуынша, ол аурухананың бас дәрігерінің бақылауында.
Масабаев Талдықорған қаласын 2022 жылдың наурыз айынан бастап басқарып келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript