Түркістан облысында әйел адам арзан әшекейлерді ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген
Сурет: pixabay
Ломбард қызметкерлерінің сеніміне кірген Түркістан облысының тұрғыны алтынға ұқсас әшекейлерді 4 млн теңгеге алдап өткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, ломбард қызметкері алаяқ әйелдің үстінен арыз жазған. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген.
"Бұл факті ҚР ҚК-нің 190-бабы – "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алынды. Жергілікті тұрғын анықталды" – дейді Жетісай АПБ Анықтау бөлімшесінің бастығы Зауытбек Әліқұлов .
Белгілі болғандай, күдікті әйел алғашқы уақытта шын алтын өткізіп, тұрақты тұтынушыға айналып, кейін әшекей алқаларды да қосып отырған.
Сурет: polisia.kz
"Ал ломбард қызметкерлері алтынның жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша, жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан", – дейді ведомство өкілі.
Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript