Қызылорданың қақ ортасында төбелескен жастар ұсталды
Сурет: видеодан алынды
20 мамырға қараған түні полицияға тұрғындардан топ адамның төбелесіп жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Екі жақтан келе жатқан топ жастар бір-бірімен сөзге келіп қалған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция төбелеске қатысқан барлық 12 адамды анықтады. Олар 25-30 жас аралығындағы облыс орталығының тұрғындары болып шықты.
Барлығы ұсталды және міндетті медициналық тексеруден кейін полицияға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі - "Бұзақылық" бойынша тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript