Жаңалықтар тізбегі
0

Қылмыстық-атқару мекемелерінде 3,5 мыңға жуық бұзушылық бейнебақылау камерасы арқылы анықталған

Қылмыстық-атқару мекемелерінде 3,5 мыңға жуық бұзушылық бейнебақылау камерасы арқылы анықталған, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 12:19 Сурет: Zakon.kz
Бүгінде колонияларда 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл оларда бейнебақылаудан тыс қалған аймақтардың санын толығымен жояды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 3,5 мыңға жуық бұзушылық анықталды.

"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде үздіксіз бейнебақылауды енгізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған. Бейнебақылау сонымен қатар жеке басын немесе автокөлігін анықтап қана қоймай, оған қоса оператордың аумақты визуалды тексеру арқылы жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесіне ие, - делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар ҚАЖ комитетінде ситуациялық орталық құрылған. Оған еліміздегі барлық пенитенциарлық мекемесінен бейнежазбалар таратылады. Бұл колониялардың тіршілігін бақылауға және бұзушылықтарға тек аймақтық деңгейде ғана емес, комитет деңгейінде де жауап беруге мүмкіндік береді. Қадағалаушы прокурорлар үшін бейнежазбаларды қашықтан қарау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде биыл бірінші тоқсанда ғана бейнебақылау операторлары ұстау режимінің 3 402 бұзушылығын анықтады.

Ал былтыр 2 779 бұзушылық болды. Тыйым салынған заттардың енуінің 4 арнасы анықталды. Арнайы контингенттің 79 қақтығысы мен 9 топтық бағынбауы тоқтатылды. 13 суицид пен 3 қашу фактілерінің алдын алды. Бір жылдың ішінде ҚАЖ мекемелерінде қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар саны 4 есеге азайды.

Сонымен қатар, мекемелерде үздіксіз бейнебақылауды енгізу контингенттің құқықтық жағдайын жақсартуға және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталғанына қарамастан, сотталғандар 293 камераны істен шығарды. Ұстау режимін бұзушыларға қатысты келтірілген залалды өтей отырып, 45 тәртіптік жаза қолданылды, 49 сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: