Алматыда көшеде кетіп бара жатқан әйелді бөтен ер адам ұрып-соққан
Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық фактісі сипатталған видео пайда болды. Видеодан сырттағы балалар мен көкөніс сатушының көз алдында әйелін жұдырықпен бірнеше рет бетінен ұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Жәбірленуші Әуезов ауданының полиция басқармасына арызданған.
Оның айтуынша, бейтаныс адам оны себепсізден себепсіз ұрған.
"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", делінген полиция хабарламасында.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript