Үстеме пайда алған монополист бір жарым млрд теңгесінен айырылды

Темір жол, монополия, үстеме пайда, монополист, Бас көлік прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 12:24 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда өз жағдайын теріс пайдаланған монополист анықталып, оған 1 млрд теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас көлік прокуратурасы темір жол шекараларында сұйық жүктерді қабылдау, сақтау және босату бойынша қызметтер көрсетуге монополиялық артықшылықты пайдаланып, 2 жыл ішінде негізсіз "үстеме пайда" алған "Қазақстант – отын-энергетикалық кешен" Сауда үйі" ЖШС-ін әшкереледі.

Қадағалаушы орган жауапкершілігі шектеулі серіктестік үстенін ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни нарық субъектісінің монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті.

"Жиналған материал Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды, оның нәтижелері бойынша монополист әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды".Бас көлік прокуратурасы

Сот оны 1 094 593 950 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді және 579 826 102 теңге сомасында заңсыз алынған монополиялық табысты тәркіледі.

Сот актісі заңды күшіне енді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: